Мәселеңізді кеңсеге келмей-ақ, оп-оңай шешуге болатын шығар.
Бөлімді таңдап, не істеу керегін біліңіз.
1. Тарифті/қызметті қосу
Біздің барлық өзекті тариф жоспарды мына жерден көруге болады.
- Егер Сізге интернеті бар тариф керек болса, мына жерге кіріңіз.
- Егер тек қоңырау шалуға қажет болса — мында кіріңіз.
Сізге қызметтер керек пе? Мына жерден таңдаңыз.
Егер шетелге баруға дайындалып жүрсеңіз, роуминг туралы ақпаратты мына жерден алыңыз.
Назар аударыңыз! Тарифтер мен қызметтерді "Менің Beeline-ым" мобильді қосымшасында немесе мобильді құрылғыңыз арқылы USSD-пәрменмен қосуға болады.
2. Нөмірдің тіркеуін тексеру
Нөміріңіздің кімге тіркелгенін "Менің Beeline-ым" мобильді қосымшасында, сайттағы "Жеке кабинетте" немесе *835# тегін пәрменін теру арқылы тексеруге болады.
3. Нөмірді тіркеу
Нөмірді атыңызға дербес тіркей аласыз.
Ол тегін және ыңғайлы, ешқайда барудың қажеті жоқ.
2 жолы бар:
1) мобильді құрылғыңызда *692# пәрменін теріңіз;
2) «Менің Beeline-ым» қосымшасына кіріңіз— небәрі 3 қадам:
- нажмите на Ваш номер в верхней части главного экрана;
- үш нүктені басыңыз → «Тұлғаны растау»;
- нұсқауға сай әрекет етіңіз.
Егер бірдеңені жасай алмай жатсаңыз, міндетті түрде көмектесеміз. Кеңсеге баратын уақытты мына жерде брондаңыз. Белгіленген уақытта Сізді күтеді және кезекте тұрмайсыз.
4. Нөмірді қайта тіркеу
Нөмірді өз атыңызға тегін, әрі үйден шықпай-ақ тіркей аласыз.
«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасына кіріңіз:
- басты экранның жоғарғы жағындағы өз нөміріңізді басыңыз;
- үш нүктені басыңыз → «Тұлғаны растау»;
- ары қарай нұсқауға сай әрекет етіңіз.
Егер көмектеспесе, мына жерді шертіп, кеңсеге келуге кезек брондауыңызды өтінеміз.
5. SIM-картаны ауыстыру
Қазақстанның ірі қаласында немесе облыс орталығында тұрасыз ба? SIM-картаны үйге әкеліп беруге "Менің Beeline-ым" мобильді қосымшасы арқылы тапсырыс беріңіз: содан соң айтылған нұсқауға сай әрекет етіңіз.
Егер ол Сізге қолайсыз болса, екі шертіп, біздің кеңсеге онлайн-кезек брондаңыз - мында кіріңіз.
6. Нөмір таңдау, тапсырыс беру және сатып алу
Егер Beeline-да болсаңыз, нөмірді ауыстырудың үш жолы бар:
- *776*қалаған сандарыңыздың құрамы# пәрменін теріңіз (қызмет үшін 100 тг жаңа нөмірдің теңгерімінен ұсталады — толтыруды ұмытпаңыз);
- біздің интернет-дүкеннен жаңа нөмір таңдаңыз;
- мына жерде, Beeline кеңсесіне кезек брондаңыз, біздің маман бәрін жасап береді.
7. Құрылғыны тіркеу
Құрылғыны тіркеу немесе қайта тіркеу үшін, *6914# пәрменін теріп, нұсқауға сай әрекет етіңіз.
Егер көмектеспесе, біздің маманға кезек брондаңыз - ол көмектеседі. Мына жерді шертіңіз.
Сізде М2М-құрылғы (санағыш, дабыл қаққыш, трекер, банкомат, төлем терминалы, смарт-сағат) ма? Тіркеу қажет емес.
Бірақ, құрылғы бұғатталған болса, m2m@beeline.kz-ке жіберіңіз
- М2М құрылғының ІМЕІ кодын;
- құрылғының түрін;
- құрылғының үлгісін;
- құрылғының ІМЕІ-код көрсетілген қорабының фотосуретін.
8. Шот есебін алу
Нөміріңізден соңғы 10 күнде жұмсалған шығынның есебін алуға болады. Ол тегін. *802# пәрменін терсеңіз болды.
Егер толық есеп керек болса, сайттағы Жеке кабинетке немесе "Менің Beeline-ым" мобильді қосымшасына кіріңіз (парақтың төменгі жағындағы арнаулы бөлім).
Айтпақшы, егер смартфоныңыздан *801# пәрменін терсеңіз, қосымшаны жүктеу сілтемесі SMS арқылы келеді.
9. Теңгерімді толтыру
ҚР-дағы кез келген банктің картасынан Beeline нөміріңізді комиссиясыз толтыруға болады. Мына жерді басыңыз.
10. Теңгерімді тексеру
Сайттағы Жеке кабинетте немесе "Менің Beeline-ым" мобильді қосымшасына кіріңіз - теңгеріміңізді және интернет-трафигіңіздің қалдығын, минуттар мен SMS-іңізді бірден көресіз.
Оларға қоса пайдалы пәрмендер бар:
- *102# — теңгерімді тексеру;
- *106# — МБ және минуттар қалдығын тексеру.
11. Теңгерімді қайтару
Теңгерімді толтыру барысында нөмірден қателестіңіз бе?
Қате аударылған қаражатты келесі жағдайда қайтаруға болады:
- төлеген сәттен бастап әлі 30 күн өтпесе;
- қателескен нөміріңіз толтырғыңыз келген нөмірден ең көбі үш цифрға басқа болса;
- қате төлем Beeline нөміріне жасалса (егер басқа ұялы байланыс операторына аударылса, төленген жерге хабарласу керек).
Ақшаны қайтару жолы:
1. Call-орталығы арқылы
116 нөміріне (мобильді құрылғыдан) немесе 8 (727) 350 0500 (қалалық нөмірден) нөміріне қоңырау шалыңыз.
Маңызды:
- Қате төленген сома 5000 теңгеден аспауы керек.
- Төлем түбіртегі керек.
- Қате төленген қаражатты аударғыңыз келетін нөмір дұрыс тіркелген болуы тиіс.
2. Beeline кеңсесінде.
Кезекті мына жерде брондаңыз.
Жеке куәлігіңізді/төлқұжатыңызды және төлем түбіртегін ала келуіңіз керек.
12. «Үйдегі Интернет» туралы білу
Сізге үйдегі интернет қосу керек пе?
Үйден шықпай-ақ өтініш беріңіз: мына жерді шертіңіз немесе 3131 нөміріне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).
Үйдегі интернет пен мобильді байланысты бір тарифте алғыңыз келе ме? Бірге алсаңыз арзан болады.
Толық ақпарат және қосу жолы мына жерде.
Тариф жоспарын ауыстырғыңыз немесе топтамаға нөмір қосқыңыз келе ме?
Сайттағы жеке кабинетке немесе «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасына кіріңіз.
Логиніңізді ұмытып қалдыңыз ба?
Уайымдамаңыз! Оны білудің 2 жолы бар:
1. Мобильді құрылғыдан *799# пәрменін теріңіз.
Маңызды: телефон нөмірі "Үйдегі Интернет" қызметін қосқан кезде байланыс нөмірі ретінде көрсетілген болуы керек немесе тариф жоспары топтамасына кіруі керек.
2. 6784 нөміріне кез келген Beeline нөмірінен SMS (мәтінсіз де бола береді) жіберіңіз на номер 6784. Жауап ретінде, логин иесінің туған күні мен тегі туралы тексеру сұрағы келеді.
Теңгерімді тексеріп, абоненттік төлем сомасын анықтағыңыз келе ме?
Өзіңізге ыңғайлы әдісті таңдаңыз:
- Сайттағы жеке кабинетте немесе «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында.
- Байланыс нөмірінен немесе тариф жоспарының топтамасына кіретін нөмірден *799# пәрменін теріңіз. Жауап ретінде теңгерім туралы ақпараты бар хабарлама келеді.
- Әлеуметтік желілердегі ресми парақтарымызда сұрағыңызды қойыңыз: Facebook, Twitter, ВКонтакте и Instagram.
13. Корпоративті клиенттерге
Егер нөміріңіз немесе құжаттарыңыз туралы сұрақ туындаса, 0799 нөміріне (Beeline клиенттеріне тегін) қоңырау шалыңыз немесе сайтқа өтуіңізді өтінеміз.
14. Басқа сұрақ
Сұрағыңызға жауап таппадыңыз ба? Мына жерді шертіп, біздің кеңсеге кезек брондаңыз. Сізге міндетті түрде көмектеседі.