Операцияны жүзеге асыру үшін «Қазпошта» АҚ кез келген бөлімшесіндегі операторға бару керек.
Жеке куәлікті көрсетіп, теңгерімінен ақша қаражаты алынатын телефон нөмірін айту қажет.
Телефон нөміріне түсетін растау кодын алу керек (растау коды бар хабарламада операцияның комиссиясы көрсетіледі).
Растау коды мен алатын сомаңызды бөлімшенің Операторына айтыңыз.