- Сенімді интернет пен тұрақты байланыс желіні дамыту мен сапаны қолдауды талап етеді. Сондықтан тарифіңіз бойынша абоненттік төлем өседі.
- Жаңа абоненттік төлемді осы сайттан төмендегі терезеден біле аласыз.
Сондай-ақ Сізге бонустар қолжетімді:
- 1. 4G-де шексіз интернет ұзартылды
Тариф жоспарға қосылған мобильді нөмірлерде интернет-пакеттегі гигабайттардан бөлек, 31.12.2026 дейін «Шексіз 4G» және «Шексіз 4G Plus» акциялары автоматты түрде ұзартылды. Бұл дегеніміз, LTE желісіндегі бүкіл мобильді трафик негізгі интернет-пакетіңізден жұмсалмайды. Ерекшелік ретінде – «Экстра SIM» тариф қатарынан қосылған нөмірлер. - 2. Көбірек фильм мен телехикаялар
«Үйдегі Интернет» тарифіңізге еш қосымша төлемсіз ТВ-пакетті қоса аласыз. Сізге қолжетімді ұсынысты білу үшін өтінім қалдырыңыз.