ONT Wi-Fi роутері

Жалдау: 500 тг/ай

ONT Wi-Fi роутері

Жалдау: 500 тг/ай

ONT Wi-Fi роутерінің ерекшелігі қандай?

Екі диапазонды Wi-Fi

Роутер екі жиілікте — 2,4 және 5 ГГц жиілікте қатар жұмыс істей алады. Бұл кедергілерді болдырмай, Wi-Fi желісінің орнықты жұмысын, оған қоса Wi-Fi-дың шапшаңдығын қамтамасыз етеді.

4 гигабиттік ұяшық

Интернетті бүкіл отбасыңыз жайлы қолдануы үшін, шоғырсым арқылы әртүрлі 4 құрылғы оп-оңай қосылады.

Функционалды оптикалық байланыс

Оптоталшықты шоғырсым пәтеріңізге дейін тартылады. Оны арнаулы ONT Wi-Fi роутерге қоссаңыз болды, содан соң кез келген құрылғызбен интернетте ұшып жүре аласыз.

Қондырғы

Ең жоғары жылдамдық

1244 Мбит/c

Жиілік

2.4 ГГц и 5 ГГц бір уақытта

Стандарт

Wi-Fi IEEE 802.11a/b/g/n/ac

Антенналар саны

4 орнатылған антенна = пәтер немесе үйде тұратын үлкен отбасыға арналған шапшаң интернет.

MIMO технологиясын қолдауы

MU-MIMO (Multi User MIMO — көп қолданушы жүйесі) технологиясын қолдайды. Көптеген кеңістіктегі ағынды қамтамасыз етеді және бір уақытта деректерді бірнеше клиентке жібереді. Деректерді жіберу үшін бір уақытта 3 байланыс түзіледі. Төртінші антенна қажет жағдайға қарай әртүрлі режимге өздігінен ауысып тұрады.

Beamforming технологиясын қолдауы

Қолдайды. Кедергісі көп жерлерде өзекті. Технология қуатты сигналды қай жаққа бағыттау керек екенін өзі анықтайды.