Beeline Қазақстандағы тағылымдама және тәжірибе

 

Өзіңді адамдардың қамын ойлайтын жерде көрсеткен және қызмет жолыңды сондай жерде бастаған жақсы. Құндылықтарымызбен және инновацияларымызбен шабыттандырып, бәрін көрсетеміз, айтып береміз және үйретеміз. Вэлком!
 

Digital Generation тағылымдама бағдарламасы

Біздің миссиямыз:

Біздің мақсатымыз биік, төмендеуге келіспейміз.
Бүкіл Қазақстанның интеллектуалдық және инновациялық өсуіне ықпал етеміз. Жастарға бағытталған меншікті бағдарламаларымызды іске асырып, бүкіл ел көлеміндегі әлеуметтік-экономикалық белсенділіктерді қолдаймыз.

Біздің мақсатымыз:

Инновациялық идеялары бар, білімін тәжірибеде қолдануға және бірегей тәжірибені білікті мамандардан тікелей алуға дайын дарынды жандарды тарту. Оларға университетте не үйретпейтінін білу.

Digital Generation бағдарламасын өткізген 2018 жылдан бері 1000-нан астам өтініш

Более 200-ден астам тағылымгер Компанияда тағылымдамадан өтті

Әр тағылымдама бағдарламасына 40 және одан көп тағылымгер қабылданады ...

Біздің Компаниядағы тағылымдамалар туралы өзекті ақпаратты әлеуметтік желілерден қарап жүріңіз @beeline.people

Тағылымдаманың артықшылықтары

15-тен көп бизнес–бағыт
Қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі және икемді жұмыс кестесі, ақысы төленетін тағылымдама
Тағылымдамадан сәтті өткен соң, Beeline-ға жұмысқа орналасу мүмкіндігі
Шынайы тапсырмалар мен жобаларды жүзеге асыруға қатысу
Жеке тәлімгер
Бейінді оыту – шеберлік-сабақтары, тренингтер

Біздің болашақ тағылымгер

Студентытер, оқу бітіруші түлектер мен магистранттар
Академиялық үлгерімі жақсы болуы тиіс

 

Жиі қойылатын сұрақтар:

Тағылымдама қанша уақытқа созылады?

Тағылымдамадан өту мерзімі — 3 айдан 6 айға дейін. Үйренуге және өзіңді көрсетуге уақыт жетеді.

Тағылымдамадан өткенде ақы төлене ме?

Тағылымдамадан өткеніңіз үшін ақы төленеді. Бұл ретте сізге біз төлейміз J

Тағылымдамадан өткен соң, штаттық жұмысқа орналасуға бола ма?

Тағылымдамадан сәтті өтсеңіз және бізде бос жұмыс орны болса, job offer күтіңіз.

Университеттен өндірістік тәжірибеге аласыздар ма?

Егер бізде тғылымгерге орын болса немесе сіз мүдделі бизнес-функцияда тәжірибеден өтетін жан керек болса, университет атынан тәжірибеден өтуге болады.