3 сәуір 2024 ж., Астана қ. Beeline Қазақстан өз клиенттеріне су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмек көрсету үшін қайырымдылық жіберу мүмкіндігін ұсынады. Қаражат жинауды компанияның «Zhyly Zhurek Foundation» корпоративтік қайырымдылық қоры қоры жүзеге асырады. Жиналған сома қор есебінен еселеніп, зардап шеккен отандастарды қолдауға бағытталады.
Қайырымдылықты жіберу үшін *7777# пәрменін теру және қоңырау шалу батырмасын басу керек, одан кейін ашылған терезеде 10 тг бастап 30 000 тг дейін пәрменді теру керек. Мобильді теңгерімде қаражаттардың жеткілікті саны болу керек. Сондай-ақ «Менің Beeline» және Simply қосымшаларында қайырымдылық көмек жасау мүмкіндігі ұсынылады.
«Су тасқынының алғашқы күндерінен бастап, біз төтенше жағдай жарияланған өңірлердегі клиенттерді тегін байланыс пен интернетпен қамтамасыз етудеміз. Осындай қиын уақытта байланыста болу бұрынғыдан да маңызды. Бірақ, бұдан басқа біз әрбір абонентімізге далада қалмауға мүмкіндік беріп, су басқан ауылдардың тұрғындарына көмек көрсетуді жөн көрдік. Бүгінгі таңда заманауи технологиялардың арқасында мұны істеу өте оңай: жеке қайырымдылықтың мөлшерін анықтап, телефонда бірнеше қарапайым қадамдарды орындаңыз. Зардап шеккен отандастар үшін басқа қазақстандықтардың шетте қалмайтынын және оларға көмектесуге дайын екенін түсінуі бұрынғыдан да маңызды», - деп түсіндірді Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.
Естеріңізге сала кетейік, 28 наурыздан бастап еліміздің бірнеше өңірінде табиғи төтенше жағдай жарияланған болатын. 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1600-ден астам үй мен 95 автожолды су басты, 47 ауыл көлік қатынасынан ажыратылды, 15 000 астам адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 000 жуық бала. Қазір Қазақстанның 8 облысында ТЖ жарияланды.
***
«Zhyly Zhurek Foundation» корпоративті қор. 2023 жылдың қыркүйегінде құрылды, қордың құрылтайшысы Beeline Қазақстан. Қордың қызметі Beeline Қазақстанның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің мақсаттарына, стратегияларына, құндылықтарына және негізгі бағыттарына сәйкес келеді: цифрлық білім беруді және жастардың IT-кәсіпкерлігін қолдау, әртүрлілік пен инклюзивтілікті дамыту, қайырымдылық.