Тарифтік желілерді оңтайландыру мақсатында «Үйдегі Интернет» қызметі 2017 жылдың 1 тамызынан бастап абоненттік төлемі 4149 тг құрайтын «Интернет+» тарифтік жоспарын жабатыны жайлы хабарлаймыз. Бұл тарифті қосқан клиенттерімізге барынша қолайлы тарифтік жоспарды таңдау үшін жеке кабинетте көрсетілген нөмірлер бойынша қоңырау шалынып, смс жіберілетін болады.
Байланыс нөмірін көрсетпеген клиенттер тарифтік жоспарды таңдау бойынша ұсыныстар алу үшін 3535 қысқа нөмірі бойынша Қолдау орталығына хабарласа алады, немесе 2017 жылдың 1 тамызынан бастап жылдамдығы 100 Мбит/с және бағасы айына 3500 тг құрайтын «New Әрдайым 100» тарифтік жоспарына автоматты түрде ауыстырылатын болады.
Оператор қоңырау шалып хабарласа алмаған клиенттердің бұрынғы тарифтік жоспарлары қалады, бірақ 1 Гб мобильді интернет берілмейді. Өзіне лайықты тарифтік жоспарды таңдап, жеке кабинет арқылы ауыстыруына кеңес береміз.