«Яндекс.Музыканы» қолданғанда трафик шығындалады

Beeline нөмірі бар барлық құрылғыда 2022 жылғы 19 қыркүйектен бастап «Яндекс.Музыканы» қолданғанда, интернет-трафик тариф жоспары бойынша шығындалады. Өзгерістер «Яндекс.Плюс» жазылымының қолданушыларына қатысты. 

Есіңізге саламыз: бұған дейін музыка тыңдаған кездегі трафик шексіз болатын. Ол клиенттеріміз үшін арнаулы ұсыныс еді. Қазір біз трафик ұсыну шығындарының және желі жүктемесінің өсуіне байланысты арнаулы ұсынысты тоқтатуға мәжбүрміз. 

Гигабайттар туралы ойламас үшін, меломандарға трафигі жеткілікті тариф қосуға кеңес береміз. Талғамыңызға қарай таңдаңыз — бізде тариф көп.

Музыканы ыңғайлы тыңдаудың тағы бір әдісі – жаңа hitter музыка қосымшасын жүктеу. Ол қазақстандықтар үшін арнайы жасалған, сондықтан онда әлемдік және өзіміздің хиттер бар. Өз әнпарағыңызды ашып, көңіл бөлетін жарнама мен интернет туралы ұмытуға болады. Тыңдап, салыстырып көру үшін, премиум жазылымның бірінші айы сынауға беріледі. Hitter қосымшасын жүктеп, мобильді нөмірмен тіркелсеңіз болды.

Музыка ләззат сыйласын!