Басты бет / Жаңалықтар

Beeline Wargaming – мен бірлесіп ойын тарифтік жоспарын іске қосты

2020 жылғы 3 тамыз. Beeline компьютерлік ойындарды табысты әзірлеушілердің болып табылатын Wargaming компаниясымен бірлесіп бірінші тарифтік жоспардың тұсаукесерін өткізді. «Ойын» тарифі «Үйдегі Интернет» қызметінен және World of Tanks танымал ойынынан ең жақсы мүмкіндіктерді алуға жол береді. 

Wargaming компаниясы ММО жанрының free-to-play ойындары нарығындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Компания портфелінде 10-нан астам ойын бар, олардың ең танымалы -  World of Tanks. Бұл XX ғасырдың ортасындағы брондалған машиналарға арналған көп ойыншы ойнайтын командалық онлайн-ойын. Ойыншыларға Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі нақты локациялар негізінде құрылған 30 шайқас карталары және жалпы саны 600 бірлікті құрайтын 11 ұлттың шынайы тарихи техника беріледі. Барша әлем бойынша тіркелген ойыншылардың саны 160 миллионды құрайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда World of Tanks ойынының жүздеген мың ойыншысы бар. Олар үшін, сондай-ақ жаңа ойыншылар үшін Beeline ойынды анағұрлым ыңғайлы және қызықты ететін қызметтер мен опциялардан тұратын тарифтік жоспарды әзірледі. «Ойын» тарифіне 100 Мбит/сек-қа дейінгі жылдамдығы бар «Үйдегі Интернет» және ойыншыларға арналған мынадай опциялар пакеті кіреді:  Т-44-100 (К) VIII деңгейдегі  эксклюзивті премиум-танк, «Жауынгерлік бауырластық» машықтары нөлдік деңгейдегі білікті экипаж және танктік шексіз премиум-аккаунт. Пакет World of Tanks ойыншылары арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша толтырылды.

Beeline Қазақстанның Маркетинг жөніндегі директоры Максим Цвыковтың атап өтуінше:

«World of Tanks - бүкіл әлем бойынша жанкүйерлер армиясы бар ойын индустриясының ірі қатысушысы. Beeline мен Wargaming серіктесінің арқасында біздің клиенттеріміз интернет жылдамдығына қатысты артықшылыққа ғана ие болмайды. Тарифтік жоспармен бірге берілетін бонустық контент ойыннан ләззат алуға көмектеседі және премиум танкке қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады. Бұл тәжірибелі геймер үшін ең жақсы таңдалым, әсіресе онлайн қарым – қатынас адамдармен өзара арақатынастың ең қауіпсіз түріне айналған карантин кезінде».
Бірінші ортақ тарифті іске қосу туралы WoTValue-AddedProjects директоры Алексей Олехнович мынадай түсініктеме береді: 

«Біздің басты мақсатымыз — ойыншыларды бақытты ету. Оларға ыңғайлы болса, ойыншылар риза болып, біздің тарифті таңдайды. Осыған орай, премиум-танктен және шексіз премиум-аккаунттан басқа, «Ойын» тарифінің абоненттері үшін эксклюзивті турнирлерді іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұнымен біз тоқтамаймыз. Серіктесіміз - Beeline Қазақстанмен бірге «Ойын» тарифін бұдан әрі дамытуды жалғастырамыз. 

«Ойын» тарифі «Үйдегі Интернет» қызметінің тарифтік жоспарларының желісін түрлендірді.
Тарифтер, топтамалардың толықтырылуы және құны туралы толық ақпаратты www.beeline.kz сайтынан табуға болады.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz

 

***

Wargaming компаниясы туралы

Wargaming - MMO  жанрының free-to-play нарығындағы ең ірі әлемдік баспагерлер мен әзірлеушілердің бірі. Бүгінгі күні 1998 жылы құрылған компанияның бүкіл әлем бойынша кеңселері және 4500-ден астам қызметкері бар.
Wargaming ойындарының аудиториясы, соның ішінде World of Tanks және World of Warships флагмандық жобалары, барлық ірі ойын платформаларында 200 миллионнан астам пайдаланушыны қамтиды.
Компанияда әлеуметтік бағыт белсенді дамуда: Wargaming мұражайлармен ынтымақтаса жұмыс істейді, білім беру және қайырымдылық жобаларын іске асырады, сондай-ақ әскери тарихты сақтауға және танымал етуге қатысады.

Ресми сайт: wargaming.com

Медиа байланыстар
pr_cis@wargaming.net