Басты бет / Жаңалықтар

Үйдегі интернетті ең жоғары жылдамдықта пайдаланамыз: жаңа Ultimate+ роутер

21.12.2023

«Үйдегі Интернет» пайдаланушылар аса шапшаң, жаңа Ultimate+ роутерін 12 желтоқсаннан бастап жалға ала алады.

Басқа роутерлерден айырмашылығы

Ultimate+ роутері Wi-Fi 6 стандарымен жұмыс істейдіу. Соның арқасында ол тарифіңіздің шарттарына сәйкес, Wi-Fi арқылы үйдегі интернеттің ең жоғары жылдамдығын қамтамасз етеді. Роутерге бір уақытта 6 құрылғыға дейін қосыла алады, соның өзінде сигналдың сапасы мен жылдамдығы жоғалмайды.

Одан бөлек, Ultimate+ MESH-технологиясын қолдайды. Яғни, Сіз үлкен пәтерде немесе көп деңгейлі аппартаментте тұрсаңыз, бірнеше Ultimate+ роутерін орнатып, оларды бірыңғай желіге біріктіре аласыз. Осылайша, екі Ultimate+ роутері 150 шаршы метрге дейінгі ауданды қамтамасыз етеді.

Қанша тұрады

Бір роутерді жалға алу айына 1000 теңге. Бұл сома «Үйдегі Интернет» қызметінің абоненттік төлеміне қосылады.

Өтінішті қайда беруге болады

     •Егер Сіз әлі біздің клиент болмасаңыз, «Үйдегі интернетті» қосуға өтініш бере аласыз.

     •Егер қазіргі роутеріңізді жаңа үлгіге ауыстырғыңыз келсе, ауыстыруға өтініш беріңіз.

Игілігіңізге пайдалануыңызға тілектеспіз!