Басты бет / Жаңалықтар

Менің Beeline-ымда автокөлік ұту мүмкіндігі пайда болды

26 тамыз 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы Сәтті Жұлдыз қызметтеріне Менің Beeline-ым мобильді қосымшасында қол жеткізуге болады. 
Желіде сатып алу үшін, «Төлемдер» бөліміне кіріп, «Satty Zhuldyz» санатына өту керек, ары қарай нақты қызмет түрін таңдау ғана қалады. Сандарды таңдап, билетті сатып алған соң, оның құны Beeline мобильді теңгерімінен ұсталады. Қосымшадан билет туралы барлық ақпаратты көруге болады, ал телефонға төлем туралы SMS хабарлама келеді. 
«Енді бағыңды сынап көру бұрынғыдан да оңай. Қазақстандағы Лотереяның бірыңғай операторымен бірге, ыңғайлы сервисті клиенттерімізге қуана ұсынамыз. Ол үшін үйден шығудың да қажеті жоқ. Қосымшамыздың барлық қолданушысына сәттілік тілеймін», - деді Beeline Қазақстанның Сату және өңірлік даму бөлімінің басшысы Анастасия Ли. 
«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын алдын ала төлем жүйесінің барлық клиенті Android және iOS. мобильді платформаларында пайдалана алады. 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz