26.08.2025
Құрметті клиенттер!
2025 жылдың 31 тамызынан бастап Қазақстанда жаңа ереже күшіне енеді: ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы келісімшарт жасасу кезінде биометриялық сәйкестендіру міндетті болады.
Бұл дегеніміз, SIM-карталарды тіркеу тек қана жеке басыңызды растау арқылы мүмкін болады. Яғни, Сіздің бет-әлпетіңіздің ағымдағы бейнесі мемлекеттік деректер қорындағы эталон суретпен (жеке куәліктегі фотосуретпен) салыстырылады.
Онлайн немесе офисте SIM-карта ресімдеу кезінде осы тәртіпті ескеруіңізді сұраймыз. Бұған дейін болған биометрияны қолданбайтын тіркеу тәсілдері өз күшін жояды.
Сіз қандай артықшылықтарға ие боласыз?
• Алаяқтардан сенімді қорғаныс.
• Жеке деректеріңіздің қауіпсіздігі.
• Нөмір жоғалған жағдайда оңай қалпына келтіру.
• Барлық нөмірлерді толық бақылау.