Beeline карантин кезеңінде қызметкерлердің онлайн-консультациялары үшін дәрігерлерді тартты

2020 ж. 16 шілде, Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline қызметкерлері дәрігердің кеңесін тегін онлайн алуы мүмкін. Бұл шаралар компанияда ұжым денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылды. Қажет болған жағдайда жедел желіге қоңырау шалуға, дәрігерден емдеу бойынша ұсынымдарын және белгілегендерін алуға болады. Осы жобаның шеңберінде компания штатына білікті дәрігерлер шақырылды.
Сондай-ақ, қызметкерлер психологтың консультациясын онлайн алуы мүмкін.

«Қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі компания үшін әрдайым маңызды – біз кем дегенде жаздың аяғына дейін қышықтықтан жұмыс жасауды жалғастырамыз. Пандемия кезеңінде әріптестерімізді қолдаудың бір тәсілі – бұл дәрігерлерден онлайн-консультацияларды алу мүмкінлдігі, ол үшін біз жақсы мамандарды тарттық. Сондай-ақ қазір эмоционалды жағдайға да назар аудару маңызды – қызметкерлер психологтардың консультацияларын алуы мүмкін», - деп түсіндіреді Тахмина Кодири, Beeline Қазақстан персоналды басқару бойынша директоры.

Қазіргі уақытта колл-орталықты қоса, қызметкерлердің 97% қашықтықтан жұмыс жасауда.
Бұл ретте, кеңселерде және байланыс салондарында қауіпсіздіктің жоғары талаптары сақталуда – әлеуметтік қашықтықты сақтау, қызметкерлер мен клиенттердің температурасын өлшеу, қолғаптарды, бетперделерді, санитайзерлерді, үй-жайларды өңдеу, кіре берістегі залалсыздандыратын  алашаларды әрдайым пайдалану.
 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz