Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды шешуге жұмылдырылған 16000-нан астам медицина қызметкері тегін Beeline мобильді байланысымен қамтамасыз етіледі.
Әрбір дәрігер ҚР-дағы кез келген нөмірге қоңырау шалуға арналған 1000 минут пен 100 ГБ интернет-трафик алады.
Дәрігерлердің еңбегін жоғары бағалаймыз және қолымыздағы мүмкіндіктермен еліміздің батырларын қолдасақ дейміз.
Бастаманы Beeline мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бірге жүзеге асыруда. Арнайы жағдай 30.06.2020 жылға дейін жасалады.
Трафик қалдығын тексеру пәрмені: *106#