Басты бет / Жаңалықтар

Beeline VoLTE технологиясын сынауды бастайды

27 тамыз 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Төртінші буын желісінде дауысты «тігіссіз» жіберу сынағы Қазақстанда алғаш рет басталды. Voice over LTE (ары қарай VoLTE) 2G/3G желілеріне ауыспай-ақ, 4G желілерінде дауыстық және видео қоңырауларды шалуға, SMS хабарламаларды жіберуге мүмкіндік береді. 

Іс-шара туралы Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков былай дейді: «LTE желісінің өткізу қабілеті үшінші буын желісіне қарағанда біршама жоғары. LTE желісінде дауысты жіберудің бірқатар негізгі ерекшелігі бар: біріншіден, бұл дауыстың битрейті жоғарырақ үздік кодекі, екіншіден 4G абоненті үшін VoLTE-де қоңыраулардың байланысу уақыты әдепкі қоңыраулардан шамамен 3 есе аз. Осы технологияны қолдайтын смартфоны бар клиенттер LTE желісінде әпсәтте дауыстық байланыс орнатады және сөйлесу барысында шапшаң интернетті қолдану мүмкіндігіне ие болады. Айта кетер тағы бір жайт, осы технологияны ірі қалаларда тарату желінің қарбалас сәттердегі сыйымдылығы мен өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде телефоны VoLTE технологиясын қолдайтын абоненттер үшін мобильді интернет пен дауыстық сервистердің сапасын көтеруге жағдай жасайды». 

Технологияны VoLTE-ні қолдайтын смартфондары бар қолданушылар Beeline Қазақстан желісінде 2020 жылғы 4-тоқсаннан бастап пайдалана алады, бірініш кезекте оны оператордың қызметкерлері сынақтан өткізеді. 
Beeline құрылғыларда VoLTE функциясын баптау бойынша смартфон өндірушілермен бірге жұмыс істеуде. Үлгілердің толық тізімі технология іске қосылған кезде www.beeline.kz сайтында жарияланады. 
 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz