4 маусым 2019 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қазақстан компаниясындағы «Жылы жүрек» корпоративтік қозғалысының еріктілері балаларды қорғау күніне орай жыл сайынғы республикалық акциясын қорытты. Ай бойы белсенділер балалар үйлеріндегі, интернаттардағы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларындағы екі жүзден астам балаға мереке ұйымдастырды. Нұр-Сұлтанда «Мүгедек балалар қоғамы» ҚБ-мен бірге арнайы ертеңгілік ұйымдастырылды.
Beeline Қазақстанның Корпоративтік қатынас жөніндегі директоры Алексей Бендзьдің айтуынша, осы акция Қазақстанның бүкіл бизнес-қауымдастығына үлгі болуы тиіс:
«Қызметкерлердің ықыласының арқасында жыл сайын жүздеген бала тегін көмек алады. Ал компания – адал, өмірге бей-жай қарамайтын, жақындарына көмектесу идеясымен біріккен қоғамға қол жеткізеді. Одан бөлек, еріктілер – бірінші кезекте, нағыз білікті маман, олар өз көшбасшылық қасиеттерін жұмыста да сәтті пайдаланады, және бұл жетекшілер тарапынан қолдау тауып, лауазымдық көрсеткіштермен расталуда. Корпоративтік еріктілер бағдарламасын жетілдіру тәжірибесімен бөлісуге және оны қолдауға дайынбыз. Қазақстандық компанияларда мұндай бастамалар көбейген сайын, қоғамымыздың жағдайы жақсара түспек», - деп А.Бендзь мәлімдеді.
Beeline Қазақстанның корпоративтік еріктілер бағдарламасы 2008 жылы ашылып, содан бері сәтті жұмыс істеп келеді. Еріктілер ұяшықтары компанияның барлық филиалында жолға қойылған. Еріктілер жобаларына компанияның 1000-ға жуық қызметкері белсене қатысуда. «Жылы жүрек» бағдарламасының аясындағы акциялар әртүрлі мерекелерге арналады, сонымен қатар белсенділер Қазақстанның барлық аумағында ағаш отырғызуға, сенбіліктерге, әртүрлі әлеуметтік нысандар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бұйымдарды жинауға атсалысуда.
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz