Басты бет / Жаңалықтар

Beeline мобильді интернет сапасы бойынша Қазақстанда көшбасшы болды!

Vigo-ның миллиардтаған өлшемімен дәлелденген. 

 Vigo технологиялық компаниясы дүние жүзінде мобильді құрылғылардағы интернет сапасының көрсеткіштерін өлшейді. 2020 жылғы қаңтар мен тамыз аралығында зерттеу Қазақстанда жасалды, зерттеу нәтижесінде біздің клиенттерде ең жақсы көрсеткіштер байқалды.

 


3 541 720 689 жылдамдық және 23 542 072 615 — буферлену өлшенді!

Біз бұл жеңіске соңғы 3 жыл бойы ұмтылдық. Осы уақытта Қазақстанда біздің тағы 10 000 базалық станция іске қосылды, жаңа 1 400 ауыл, яғни  5 000 000-нан астам қазақстандық бүкіл әлеммен бірге интернетке шығу және байланыста болу мүмкіндігіне ие болды.


Барлық клиентімізге бізді мақтағаны үшін де, даттағаны үшін де РАХМЕТ дейміз. Әл.желідегі кез келген пікірлеріңіз, шұғыл байланыс желісіне шалған қоңырауларыңыз, тарифке немесе қызметке қосылған әрбір жан бізді интернет желісін жетілдіруге шабыттандырады. Сіздердің арқаларыңызда біз бірінші болдық!

 

Жеңіс қуанышын бөлісіп, ортақ жетістігіміз туралы толығырақ

 

Бірге жарқырай түсеміз!