5 сәуір 2019 ж., Астана қ. Beeline салондарында концерттер мен спектакльдерге және басқа да мәдени шараларға билет сатыла бастады. Жұмыс Kassirkz-пен және Ticketon-мен бірге жүзеге асырылуда. Қызметке Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Қарағанды қалаларында қол жеткізуге болады.
Ірі қалаларда байланыс операторының ондаған салоны болғандықтан, Beeline-дағылар осы жаңа мүмкіндіктің билет сатып алуды ыңғйлы және қарапайым ететініне сенімді. Алдағы уақытта Beeline акциялар өткізуді, сатып алушыларға әртүрлі бонустар мен жеңілдіктер беруді жоспарлап отыр.
«Сервисті әлі онлайн билет сатып алып көрмеген жандар пайдалана алады. Сондай-ақ, бұл – қолжетімділік мәселесі. Beeline-ның телекомға қатысы жоқ қызметтер шоғырын көрсететін салоны көп. Біз абоненттердің көңілінде, өмірдің барлық саласында сапалы қызмет көрсететін оператор ретінде қалуға тырысамыз. Біздің міндетіміз – Beeline салондарын клиенттер уақытын рахаттана және пайдалы өткізетін орынға айналдыру», - дейді Beeline Қазақстанның Жалпы нарықты дамыту жөніндегі коммерциялық директорының м.а. Виктория Новичкова.
Beeline салондары көптеген қызмет көрсететін сату нүктесі. Мысалы, салонға келушілер байланыс қызметінен бөлек, смартфондар және олардың керек-жарақтарын сатып ала алады. Жыл соңына дейін оператор ұшақ және т/ж билеттерін сатуды, смартфондар Trade-in-ін, интернет-дүкендердің поштамен жіберілген тауарларын беруді жолға қоюды жоспарлап отыр.
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz