Достар, енді Beeline Картасы бойынша берілген кэшбэк туралы айына 1 рет ақпарат беретін боламыз. Рахаттана қолданыңыз!
Сashback сомасы Beeline картасының теңгеріміне аударылады.
Транзакция жасалған сәтте Клиент есептелген сashback көлемі көрсетілген SMS-хабарлама алады. Cashback Клиенттің шотына біраз уақыт өткен соң түседі (әдетте, операция жасалған сәттен Beeline Картасына cashback түскенге дейін 2-3 күн өтеді, бұл мерзім одан да ұзақ болуы мүмкін, VISA ХТС бекіткен мерзім – 30 күнге дейін).
Әр айдың 01 – 10 жұлдызы аралығында Клиент өткен айда аударылған cashback көлемі көрсетілген SMS-хабарлама алады.
Берілген cashback туралы ақпаратты «Менің Beeline-ым» қосымшасындағы тәптіштемеден және Beeline.kz сайтындағы жеке кабинеттен таба аласыз.
Нақты ақшаны алғаныңыз, картадан картаға аударғаныңыз, телекоммуникация қызметтерін төлегеніңіз, сот төлемдерін, алименттерді, балаларды қолдау аударымдарын, айыппұлдарды, кепілдік және төлем міндеттемелеріңізді төлегеніңіз үшін, несиелерді, қарыздарды, салық борыштарын жапқаныңыз үшін, үкімет қызметтерінің, құжаттардың, ХҚКО анықтамларының, пошта қызметтерінің ақысын төлегеніңіз үшін сashback берілмейді.