01.08.2023 жылдың «Жақындардың теңгерімі» қызметі барлық тарифте жұмысын тоқтатады. Оны жаңа нөмірге қосу мүмкін болмайды, қосылған нөмірлерде де тоқтайды.
Бірақ бұл бұдан былай жақындарыңызға қамқор бола алмайсыз деген сөз емес!
Сіз «Отбасы ортасы» қызметі арқылы қымбатты жандарыңызбен өз тарифіңізді бөлісе аласыз. Әр адамға қоңырауға қанша минут және қанша трафик қажет екенін әрқашан біліп отырасыз, осылайша біреу-міреуде байланыс өшеді деп уайымдамайсыз.
Сондай-ақ, «Менің Beeline-ым» қолданбасында өз аккаунтыңызға бірнеше нөмірді қосып, олардың әрқайсын жеке бақылай аласыз. Ол үшін «Нөмірім» бөліміне кіріп, оң жақ жоғарыдағы батырмаға басып, «Аккаунттарды» таңдаңыз. Сосын «Аккаунт қосуды» шертіп, нөмірді теріңіз. Нөмір иесіне Сіз оның нөмірін бақылай алатыныңыз туралы растау SMS-і келеді. Бәрі де оп-оңай.