Басты бет / Жаңалықтар

BeeTV мен «Үйдегі интернет TV» топтамалары жаңарады

04.06.2024

2024 жылғы 20 маусымнан бастап Сізді керемет жаңа арналар күтеді! Жаңа, қазіргілерден де керемет әрі әртүрлі бағдарламаларды көріп рахаттануыңыз үшін, кейбір арнамен қоштасамыз.

Біз ауыстыратын арналар:

Рыжий
Загородный
Охотник и рыболов
Капитан фантастика
Приключения 
Арсенал

Біз қосатын жаңа арналар:

Мультиландия — барлық жастағы балаларға арналған мультфильмдердің ғажап әлемі. Классикадан заманауи хиттерге дейін, осы арна отбасындағы бәрінің сүйіктісіне айналады.
Лапки Live — сүйікті жануарларымыз туралы арна. Мысықтар мен иттер туралы көңілді әрі қызық сюжеттер баланы да, ересекті де бейжай қалдырмайды.
Аппетитный — керемет шоу және рецептермен аспаздық әлемге тереңдеңіз. Бұл арна дәмді тағам дайындау өнеріндегі жолбасшыңызға айналады.
Лёва — балаларға арналған танымдық арна, мұнда қоршаған орта туралы білі қызық формада ұсынылады. Балаларыңыз шаттанып қалады!
TRT ÇOCUK — балаларға арналған түрік арнасы, сапалы әрі танымдық бағдарламалар ұсынады. Балаларын басқа мәдениетпен таныстырғысы келетіндер үшін тамаша таңдау.
Trace Stars Sport — нағыз спорт жанкүйерлеріне арналған арна, керемет спорт шараларын және спорт жұлдыздары туралы бағдарламаларды көрсетеді.
Trace Urban — бүкіл әлемді тербеткен музыка. Сізді заманауи хиттер, әртістермен сұхбат және бірегей клиптер күтеді!

Жаңалығымыз Сізді қуантатынына сенімдіміз! Көргеніңіз көңіліңізді көтерсін!