Басты бет / Жаңалықтар

11 желтоқсандағы абоненттік төлемнің өзгеруі кейінге шегерілді

Құрметті клиенттер, жақсы жаңалығымыз бар! 2024 жылдың 11 желтоқсанына жоспарланған кейбір тариф жоспарлары мен қызметтердің абоненттік төлемінің өзгеруі белгісіз мерзімге шегерілді. 

Еске сала кетейік, біз бұған дейін «Супер», «Әлеуметтік», «Сөйлесу», «FreeStyle 790 архив», «Промо 990», «Бәрі 2190 контракт», «Бәрі келісімшарт 1590 жыл», «Бәрі келісімшарт 2490 жыл», «Forte Mobile», «Бәрі қосылған 2 Талдықорған» тариф жоспарлары мен #КөпБолады және «Ұйықтатпас Интернет» қызметтері бағасының өзгеруі туралы хабарлаған болатынбыз. 

Өкінішке қарай, тариф жоспарларының шарттарын өзгеріссіз қалдыру мүмкін емес, себебі бағалардың қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді. Олардың ішінде қызметтерді тұтынудың артуы ерекше орын алады. Биыл біздің абоненттеріміз өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға көбірек трафик қолданды. Бұл желіге елеулі жүктеме түсіреді, және оны азайту үшін біз базалық станциялардың санын көбейтіп, олардың өткізу қабілетін арттыру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеміз. Соңғы 4 жылда компанияның операциялық шығындары 300 миллиард теңгеден асты. Биыл шамамен 500 жаңа базалық станция орнатылып, 3000 орынға жабдық жаңартылды, Астана мен Шымкентте Massive MIMO технологиясы сәтті енгізілді, екі мақсатты тірек пилоттық жоба ретінде іске қосылды. 
Сонымен қатар, біз электр энергиясының, жабдықтардың қымбаттауын, инфляцияны және басқа да макроэкономикалық факторларды ескеруіміз қажет. 

Егер қазіргі тарифіңіз енді Сізге сәйкес келмейтін болса, біз әрдайым жаңа тарифті таңдауға көмектесуге дайынбыз және отбасылық тарифтеріміз арқылы қалай үнемдеуге болатыны туралы айтып береміз. Сеніміңіз бен тұрақтылығыңыз үшін алғыс айтамыз! Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын!