«Үйдегі интернет TV» қосымшасы жаңарды

Біздің телевизия енді жаңа платформада жұмыс істейді. Жаңа қосымшаны қазір-ақ SmartTV дүкенінен ала аласыздар. Бұрынғы нұсқа 2020 ж. Қыркүйектің соңына дейін жарайды. 
 Жаңартуды кейінге қалдырмаңыз – дәл қазір бірнеше минутта орнатыңыз. SmartTV-іңіздегі қосымшалар дүкеніне кіріп, іздеу қызметі арқылы «Үйдегі интернет TV 2.0» нұсқасын табыңыз да, жүктеңіз және авторизациядан өтіңіз. Егер логин немесе кілт сөзді ұмытып қалсаңыз, 3131 нөміріне қоңырау шалыңыз (ҚР-дағы кез келген мобильді оператордың нөмірінен). 

Жаңа қосымшаны Android TV мен 2017 жылы және одан кейін шыққан теледидарларға орнатуға болады. Егер теледидарыңыз «Үйдегі интернет TV 2.0» нұсқасын қолдамаса, ТV-приставканы оп-оңай жалға береміз. Қазір бұрынғыдай айына 690 теңге емес, небәрі 400 теңге!
Жайлылықтың жаңа деңгейі мен біздің ТВ-ның сапасына баға беріңіз! Көргеніңіз көңіліңізді көтерсін!