Артқа

Ақтау мен Атырауда Beeline желісін жаңартып жатырмыз

27.03.2026

2026 жылғы 1–30 сәуір аралығында Ақтау мен Атырауда Beeline желісінің жабдықтары ауыстырылады. Кез келген техника уақыт өте тозады, ал біздің жағдайда ол күн сайын ең жоғары жүктемемен жұмыс істейтін болғандықтан, осылай істеу қажет. 

Жұмыстар барысында осы қалалардың кейбір аудандарында мобильді байланыс пен интернет тұрақсыз жұмыс істеуі мүмкін. Мұның қолайсыз болуы мүмкін екенін түсінеміз және оны барынша азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Біз жақсырақ болу үшін жаңарып жатырмыз. Шыдамыңызға рахмет!