2021 жылғы 24 маусымнан бастап «Тағы көбейді 1990» тарифінде видеосервистерге (мысалы, YouTube), әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге шексіз қосылу мүмкіндігін беретін акция жоспарлы түрде жабылады. Демек, көрсетілген күннен бастап осы ресурстарға кіргенде, гигабайттар тарифтегі топтамадан шығындалады.
Бірақ, шексіздікті қолдануға болады! Арнаулы #КөпБолады қызметімен YouTube, Instagram, TikTok және басқа да желілерге кіріп, гигабайт туралы ойламауға болады!
#КөпБоладытарифке қосымша қосылады және оның құны 4 аптаға 790 теңге. Қызметтің құны тарифтің абоненттік төлеміне қосылып, бір сома болып ұсталады.
#КөпБоладыны бірінші қосу тегін! Шексіз трафиктің осындай форматы Сізге қаншалықты қолайлы екенін байқап көріп, қызмет ұнамаса, алдағы аб.төлемге дейін өшіріп қоя аласыз. Сонда #КөпБолады үшін ешқандай ақы ұсталмайды. Бірақ, өшірмейсіз деп үміттенеміз, себебі қызметі өте ыңғайлы әрі тиімді — оны тұрақты түрде қолданып жүрген жүз мыңдаған клиентіміз солай санайды..
Шексіз трафик туралы толық ақпаратты мына жерден біліңіз.