Басты бет / Жаңалықтар

«Тағы да еселе» науқаны жабылады.

2022 жылғы 23 қарашадан бастап, «Тағы да еселе» науқаны «Жарқын» барлық өзекті тарифтерінде жұмысын тоқтатады. Яғни, Сіз тарифті абонтөлемге дейінгі 3 және одан да көп күнге қайта қоссаңыз, трафик екі еселенбейді.

Бірақ бұл уайымдауға себеп жоқ. Ескінің орнына әрдайым жаңасы келеді. Біз қазірдің өзінде жаңа, анағұрлым қызықты және тиімді науқандарды дайындап жатырмыз.

Егер сізге көбірек трафик қажет болса, біздің жаңа «Супер» желісі тарифтерінің бірін қолданып көріңіз. Бұл тарифтерде стандартты гигабайттар мен минуттар ғана емес, сонымен қатар таңдауға болатын тегін СуперКүш бар. Оның көмегімен сіз BeeTV қосымшасында көптеген киноны тамашалай аласыз, hitter қосымшасында қазақстандық және шетелдік хиттерді тыңдай аласыз немесе Simply цифрлық картасымен сатып алуды төлеген кезде жоғарылатылған кэшбэк аласыз. Тиісті тарифті осында. таңдай аласыз.

Ал біздің «Менің Beeline-ым» қосымшасында оңай тапсырмалар үшін трафик алуға болатын «Сыйақылар»-дың толық бөлімі бар.