Басты бет / Жаңалықтар

Біз жаңардық: BeeTV — шексзі кино әлемі!

Біз логотипті және сайт пен қосымшаның интерфейсін жаңарттық. Платформаны қолдану Сізге ыңғайлы болуы үшін, іздеу функциясын тиімді, мәзірді қарапайым әрі түсінікті етіп, кино санаттарын жаңарттық. 

Бізді жоғалттым деп уайымдамаңыз: бізде қазір жаңа белгі!
Оның негізі - ∞ белгісі, ол үздіксіз жақсартуға және дамуға деген құлшынысымызды білдіреді. Сіз көптеген фильмді, телехикаяны және ТВ-арнаны тамаша сапада көре алуыңыз үшін, өнімімізді үнемі жаңартып отыруға тырысамыз. Біздің жаңа логоның негізгі идеясы осы. 

Қарапайымдылық — ыңғайлылықтың кепілі. 
Логотиптен бөлек, біз BeeTV сайты мен қосымшасының сыртқы түрін өзгерттік. Олар заманауи әрі ыңғайлы бола түсті. Кино санаттары түснікті және қолжетімді, ал платформада іздеу – тиімді етіп жасалды. Мысалы, «Каталог» бөлімі қазір «Кино» аталады. 

BeeTV Free «Спорт» бөлімдерінің контенті орын ауыстырды
Смартфонға арналған қосымшада біз BeeTV Free бөліміндегі қолжетімді киноны TV блогының «Тегін арналарына» және «Кино» блогының «Тегін фильмдері мен телехикаяларына» бөлдік. Ал Premium Sport жазылымының контенті енді TV блогындағы «Спорт арналарында» болады. 

Біздің жаңа функциялардың бағасын бересіз деп үміттенеміз.

Көргеніңіз көңіліңізді шексіз көтерсін!