Басты бет / Жаңалықтар

Beeline Түркиядағы қазақстандық құтқарушыларды тегін байланыс және интернетпен қамтамасыз етті.

Beeline Қазақстан Түркия Республикасында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысушы Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін тегін қызметпен қамтамасыз етті.

Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісіні зардаптарын жоюға қатысушы құтқару тобы мен Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің дәрігерлеріне компания Қазақстан мен Түркия нөмірлерінің кіріс және шығыс қоңырауларына 60 минут және 8 ГБ интернет-трафигін аударды. Қажет болған жағдайда бөлінген байланыс пакеттері ұзартылады. Бұл туралы абоненттерге SMS арқылы хабарланды. Beeline клиенттері аударымды «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе *106# пәрменімен тексере алады.

Естеріңізге саламыз, 6 ақпан, дүйсенбіде Түркияның оңтүстік-шығысында болған бірқатар жойқын жер сілкінісінен Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 7 баллдан асты. Табиғи апат салдарынан Түркияда көптеген ғимараттар қирады. Бүгінгі таңда жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісіне байланысты жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.