27.08.2025
2025 жылғы 1 қазаннан бастап кредиттік есеп айырысу нысанындағы корпоративтік клиенттер үшін негізгі тарифтік топтама таусылған кезде қосымша интернет-трафикті қосуға мүмкіндік беретін «Турбобатырма» қызметінің шарттары өзгереді.
Біріншіден, қосымша трафик көлемі артады: бұрынғы 8 ГБ орнына абоненттерге 10 ГБ қолжетімді болады.
Екіншіден, пакет бағалары жаңартылады:
5 ГБ — 1590 ₸
10 ГБ — 2490 ₸
25 ГБ — 2790 ₸
Еске саламыз, «Турбобатырма» қызметін қосу үшін *919# пәрменін теру немесе Janymda қосымшасындағы «Қызметтер» бөлімін таңдау жеткілікті.
Байланыста қалыңыз!