11.07.2025
2025 жылдың 18 маусымынан бастап бізде жаңа қызмет пайда болды — «Турбо +50 ГБ».
Егер жоғары жылдамдықтағы трафик таусылып, интернет баяуласа — «Турбо» қызметін қосыңыз да, тағы 50 ГБ жоғары жылдамдықта пайдаланыңыз. Шексіз интернет қала береді, ал бұл қызметпен Сіз желіде толық жылдамдықта боласыз.
Қызмет мыналарды береді:
• 50 ГБ ең жоғары жылдамдықта
• Келесі абоненттік төлемн алынуына дейін жарамды
• Қайта-қайта қосуға болады — шексіз
• Бір рет қосу құны — 3999 ₸, бірден алынады
Кімдер қолдана алады:
✔ Премиум Отбасы x2
✔ Премиум Отбасы x4
✔ Премиум Отбасы x6
✔ Премиум Отбасы x6 (LS)
Қашан қосуға болады:
Әділ пайдалану саясаты бойынша жоғары жылдамдықтағы негізгі трафик бітіп, интернет жылдамдығы төмендеген кезде. Одан ертерек қосу мүмкін емес.
Қалай қосуға болады:
• *921*50# пәрмені арқылы
• Немесе Janymda қосымшасында
Қосымша ақпарат:
— Қалған трафик келесі айға өтпейді
— Тарифті ауыстырғанда пакет жойылады
— 50 ГБ біткен соң жылдамдық қайта төмендейді — Сіз «Турбоны» тағы да қоса аласыз