Басты бет / Жаңалықтар

Тарифті күніне неше рет ауыстыруға болады?

2021 жылғы 3 қарашадан бастап Beeline нөмірлерінде тариф жоспарын тәулігіне ең көбі бес рет ауыстыруға болады. Бұрын шектеу болмаған. 
 
Жаңа ереже базалық сервистердің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін енгізілген, тарифті ауыстыру да сондай сервиске жатады. Бір күнде тарифті қайта-қайта ауыстыра отырып, кейбір қолданушы техникалық жүйелерге көптеген сауал түсіреді. 
 
Тарифті тәулігіне бес рет ауыстыру қолайлы нұсқаны таңдауға жетеді. Егер тарифті одан көп рет жаңарту қажет болса, келесі тәуліктерді күту керек. Назар аударыңыз: егер бұрынғы тарифке қайтқыңыз келсе, ол архивте болмаса ғана қайта аласыз. 
 
«Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе beeline.kz сайтындағы жеке кабинетте дауыстық және интернет-трафик шығындарыңызға негізделген оңтайлы ұсыныс Сізді күтіп тұратынын білесіз бе? Егер сондай тарифті қоссаңыз, ештеңе ауыстырудың да қажет болмайтын шығар. 

Бәріңізге жарқын тариф тілейміз! Мына жерден таңдаңыз.