Басты бет / Жаңалықтар

Жаңа VoWiFi технологиясын тестілеу басталды

Beeline клиенттері Қазақстанда алғашқылардың бірі болып VoWiFi технологиясын тест режимінде пайдалану мүмкіндігін алды. Тестілеуге қатысу қолданушылардан ешқандай арнайы әрекет талап етпейді, бұл тек мобильді байланыс қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған.

VoWiFi технологиясының арқасында желіні жақсартуды қажет ететін жерлердің өзінде де сапалы қоңырау шалуға болады. Мысалы, қолданушы биік ғимараттың жоғарғы қабаттарында немесе керісінше, жертөледе болған жағдайда байланыс нашар болуы мүмкін.

VoWiFi қосылған смартфон арқылы немесе сондай смартфонға қоңырау шалғанда Wi-Fi желісі қолданылады, бұл кедергілерді жойып, дыбыстық байланыстың сапасын арттырады. Енді терезеге жақындап, «Естіліп тұрмын ба?» — деп қайталаудың қажеті жоқ.

Егер тестілеу сәтті өтсе, VoWiFi технологиясы бүкіл Қазақстанда қолданысқа енгізілуі мүмкін.