2021 жылғы 12 қаңтар мен 12 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысының Курчатов, Жезкент және Шемонаиха қалаларында техникалық жұмыстарға байланысты 3G желісі өшіріледі. Сол уақытта біз 4G желісінің сапасын арттырып, оның жылдамдығын біршама жоғарылатамыз!
3G технологиясының өзектілігі жойылуда. Біздің деректер бойынша, осы қалаларда 4G құрылғының саны 3G-ге қарағанда 10 есе көп. Сондықтан біздің мақсат – көптеген клиент үшін қызмет сапасын жетілдіріп, 3G қолданушыларының 4G технологиясын қолдануына көмектесу. Желі сапасының жақсарғаны мен клиенттердің қанағаттану деңгейін өлшеуімізге 6 ай керек. Ұзарту туралы шешім осы мерзім біткен соң қабылданады. Ол туралы алдын ала хабарлаймыз.
Желіде қалу үшін, 4G желісіне ауысып үлгеріңіз:
1-қадам. SIM-картаңыз бен құрылғыңыз 4G желісін қолдайтынына көз жеткзіңіз. Мобильді құрылғыдан *705# пәрменін теру арқылы тексеруге болады.
1. Егер SIM-карта 4G технологиясын қолдамаса, оны оп-оңай әрі тегін ауыстыруға болады. Нөміріңіз бұрынғыдай қала береді.
Жақын маңдағы Beeline кеңсесін таңдауыңызды өтінеміз:
Шемонаиха қаласы |
Чапаев көшесі 30, 15-пәтер |
3-ықшам аудан 1 («Адем» дүкені) |
|
4-ықшам аудан 10 («Восточный» дүкені) |
|
Чапаев көшесі 30 («Юбилейный» дүкені) |
|
Герцен көшесі 29 («Expert» дүкені) |
|
Курчатов қаласы |
Абай көшесі 35 («Грамотей» салоны) |
Жезкент қаласы |
Жастар көшесі 1/1, корпус А («Көктем базары) |
2. Егер телефоныңыз 4G желісін қолдамаса, Beeline shop сайтында бағасы тиімді, 4G желісін қолдайтын смартфон түрі көп. Бөліп төлеу арқылы алғанда, Beeline тарифін 12 айға жиынтықпен бірге аласыз! Мына жерде жаңа телефон таңдауға және онлайн-өтініш беруге болады.
2-қадам. Телефон баптауларынан LTE режимін қосыңыз. Құрылғыда оны қалай жасауға болатынын көріңіз: iOS • Android • Windows Phone