30.11.2024
2024 жылдың 4-6 желтоқсаны аралығында Beeline желісінде техникалық жұмыстар жүргізілмек. Бұл кезеңде мобильді байланыс пен интернет жабдықтарын баптау жоспарланған. Мұндай жұмыстар желінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін үнемі өткізіліп тұрады.
Пайдаланушыларға қолайсыздықты барынша азайту үшін жұмыстар негізінен кешкі және түнгі уақытта жүргізіледі: 4 желтоқсан сағат 18:00-ден бастап 6 желтоқсан сағат 06:00-ге дейін.
Осы кезеңде кейбір сервистерде міндетті емес, бірақ келесі шектеулер болуы мүмкін:
● Мобильді интернеттің болмауы.
● Қоңыраулардың үзілуі немесе қоңырау шала алмау.
● SMS қызметінің жұмыс істемеуі.
● Теңгерім толтыру мүмкіндігінің болмауы.
● Қысқа нөмірлер арқылы қызметтердің (жазылым, бір реттік сұраныстар, қысқа нөмірлер бойынша абонтөлемнің алынуы) жұмыс істемеуі.
● "Менің Beeline-ым" қосымшасында есепшоттың дұрыс көрсетілмеуі.
● Қате хабарландырулардың келуі.
Егер осы шектеулердің бірі немесе бірнешеуі Сізге әсер етсе, күте тұруыңызды сұраймыз: техникалық жұмыстар қысқа мерзімді құбылыс. Егер тариф жоспарыңыз төленген болса, жақын арада барлық қызметтер қайтадан толық көлемде жұмыс істейді.
Түсінік танытып, бізге сенім артқаныңыз үшін алғыс білдіреміз!