Басты бет / Жаңалықтар

2026 жылғы тариф жоспарлары: сыйлыққа смартфон, абонтөлемнен кешбэк пен үстіне үйдегі интернет

12.12.2025

2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап әрбір қазақстандық өз смартфонына немесе планшетіне Beeline-ның жаңа тариф жоспарларының бірін қоса алады — жеке өзіне немесе бүкіл отбасына, трафик пакетімен немесе шексіз интернетпен, кешбэкпен және жағымды бонустармен: үйдегі интернет, жаңа смартфон немесе аксессуар.

Кешбэк пен сыйлықтар

Кез келген жаңа тарифті қосқанда 2000 S! бонус түрінде кешбэк беріледі (1 S! = 1 ₸), оны бірнеше рет басу арқылы теңгерімге жіберіп, келесі абонтөлемге немесе сатып алуларға пайдалануға болады.

Бұл ғана емес — әр тариф жоспарына бонус беріледі: тегін смартфон немесе аксессуар + техникалық мүмкіндік болған жағдайда үйдегі интернет пен ТВ.

Кез келген талғамға сай 5 жаңа тариф

Барлық жаңа тарифтерді ыңғайлы болу үшін екі топқа бөлуге болады:

 1. Бір адамға: «Мега 7999» бен «Мега 11999»

  • «Мега 7999» тарифімен Сіз ай сайын тариф бойынша 15 ГБ және акция бойынша тағы 15 ГБ аласыз, Beeline-ға шексіз қоңыраулар, басқа операторлардың нөмірлеріне 100 мин және Beeline-ға 50 SMS. Абоненттік төлем — 7999 ₸/ай, ал кешбэкпен 5999 ₸/ай.
  • «Мега 11999» тарифімен интернет шексіз (оның ішінде 60 ГБ максималды жылдамдықта), Beeline-ға шексіз қоңыраулар, басқа операторлардың нөмірлеріне 150 мин + Beeline-ға 50 SMS. Абоненттік төлем — 11999 ₸/ай, ал кешбэкпен 9999 ₸/ай.

 2. Бүкіл отбасына: «Премиум Отбасы» тарифтері

  • «Премиум Отбасы х2» — 2 нөмірге, «Премиум Отбасы х4» — 4 нөмірге, «Премиум Отбасы х6» — 6 нөмірге арналған.
  • Әрбір отбасылық тарифтен Сіз шексіз интернет, Beeline-ға шексіз қоңыраулар, халықаралық қоңырауларға 30 мин және Beeline-ға 100 SMS аласыз.
  • Интернет жылдамдығы максималды: «Премиум Отбасы х2» — 120 ГБ, «Премиум Отбасы х4» — 240 ГБ, «Премиум Отбасы х6» — 360 ГБ. Кино көруге, оқуға, әлжелілер мен интернетті пайдалануға өте қолайлы.
  • Басқа операторлардың нөмірлеріне берілетін минуттар пакеті тарифке байланысты: «Премиум Отбасы х2» — 200 мин, «Премиум Отбасы х4» — 400 мин, «Премиум Отбасы х6» — 600 мин.
  • Абоненттік төлем — 15 999 ₸/ай, 19 999 ₸/ай және 23 999 ₸/ай, бұл сомалар тарифке байланысты, барлық нөмірлер үшін. Ал кешбэкпен: 13 999 ₸/ай, 17 999 ₸/ай және 21 999 ₸/ай.

Өзіңізге ыңғайлы нұсқаны таңдап, Janymda қосымшасында қосыңыз. Толығырақ қосымшада немесе осы сайттағы тарифтер сипаттамасында бар.

Тарифке пайдалы сервистер

Біз кино, музыка, бұлт және Simply арқылы сатып алуларға берілетін қосымша кешбэк туралы ұмытпадық. Бұл артықшылықтар жаңа тарифтерде де сақталған. «Мега» немесе «Премиум Отбасы» тарифін қосқанда, Сіз BeeTV қосымшасындағы Kino жазылымына, hitter қосымшасындағы premium-музыка жазылымына, Simply картасымен сатып алуларға +1% кешбэк пен BeeCloud бұлтты файл қоймасына 10 ГБ аласыз.

Игілігіңізге қолданыңыз!