Басты бет / Жаңалықтар

«СуперВиза S» және «СуперВиза S бөліп төлеу» қызметтеріне қосылу жабылады

10.10.2024

2024 жылдың 15 қазанынан бастап «СуперВиза S» және «СуперВиза S бөліп төлеу» қызметтерін қосу мүмкін болмайды.

Егер Сізде осы қызметтердің бірі қосылған болса, оның әрекет ету мерзімі біткенше пайдалана аласыз. Алайда, әрі қарай қызметті ұзарту немесе жаңа пайдаланушыларды қосу мүмкін емес.

Бірақ біз Сізді роумингсіз қалдырмаймыз! Сіз «СуперВиза M» қызметін пайдалана аласыз. Пакеттердің құрамы едәуір кеңейтілген, осылайша шетелдегі демалысыңыз немесе жұмысыңыз барынша ыңғайлы болады.

«СуперВиза M» туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.