Басты бет / Жаңалықтар

Отбасына арналған арнайы ұсыныс:
үйдегі интернет, мобильді байланыс, ТВ және сыйлыққа смартфон

12.06.2025

Біз заманауи отбасы үшін маңызды нәрсенің бәрін біріктіретін арнайы ұсынысы бар екі жаңа тарифті іске қосамыз: жылдам үй интернеті, 6 нөмірге дейін мобильді байланыс, цифрлы ТВ мен жаңа смартфон.

Сіз 300 Мбит/с дейінгі жылдамдықтағы интернет, 200+ телеарна мен 5 онлайн-кинотеатр аласыз. Барлық отбасы мүшелері ортақ мобильді байланысты пайдалана алады: Beeline нөмірлеріне шексіз қоңыраулар, шетел және Қазақстан бойынша басқа мобильді және қалалық нөмірлерге берілетін үлкен минуттар топтамасы, сондай-ақ науқан бойынша шексіз интернет.

Үйдегі интернет — қосымша бонустық мүмкіндік және тек Beeline-ның «Үйдегі Интернеті» қамтитын аймақта ғана қосылады.

Ал ең басты бонус — қосылғанда сыйлыққа берілетін тегін смартфон.
Тариф жоспары сондай-ақ BeeTV-де Kino фильм мен телехикая коллекциясына жазылымды, hitter музыкалық қосымшасына премиум-режимді, BeeCloud-та 10 ГБ файл сақтау орнын және Simply арқылы жасалған сатып алуларға +1% экстракешбэк береді. Бұған қоса, басым қызмет көрсету: Сіздің өтініштеріңіз тезірек өңделіп, техникалық өтінімдер кезексіз және тегін орындалады.

Шарттар 12 ай бойы жарамды. Осы мерзімнен кейін Janymda қосымшасы немесе beeline.kz сайты арқылы кез келген басқа тарифті таңдай аласыз.
Смартфон саны шектеулі. Өтінімді сайтта немесе жақын маңдағы Beeline сату және қызмет көрсету кеңсесінде беріңіз.

Тарифтер туралы толығырақ мына жерден біліңіз.