Басты бет / Жаңалықтар

«Үйдегі Интернеттің» кейбір мұрағат тарифтік жоспарлары жабылады

28.08.2024

2024 жылдың 1 қазанынан бастап «Үйдегі Интернеттің» бірнеше мұрағаттық тарифтері жабылады.

Егер Сіздің тарифтік жоспарыңыз төмендегі тізімде болса, 2024 жылдың 30 қыркүйегіне дейін басқа тарифке ауысуыңыз қажет. Сіз кез келген өзекті тарифті 3 айға 50% жеңілдікпен қоса аласыз. Толығырақ біліп, сайттан таңдауға болады.

Егер осы күнге дейін тарифті өзіңіз ауыстырмасаңыз, 2024 жылдың 1 қазанынан кейін Сіз ұқсас қызмет пакеттері бар тарифке автоматты түрде аударыласыз.

Жабылатын тарифтер:

 ●   «Премиум отбасылық»
 ●   «Қос Шексіздік 200 архив»
 ●   «Жарқын отбасы_200 архив»
 ●   «Жарқын отбасы өңірлік архив»
 ●   «Қос Шексіздік+ архив»
 ●   «Шексіз-1_архив»
 ●   «Бәрі қосылған архив»
 ●   «MIX-1_архив»
 ●   «Шексіз 50 архив»
 ●   «Бірге тиімді 2990+»
 ●   «Ұтымды одақ 100 архив»
 ●   «Ұтымды Микс-2 архив»
 ●   «Шексіз-3 архив»
 ●   «Ұтымды Микс LTE архив»
 ●   «Ұтымды Одақ 100 архив»
 ●   «Премиум Отбасылық ТВ»
 ●   «ТВ комбо»
 ●   «Шексіз+ архив»
 ●   «Шексіз70 2790 архив»
 ●   «Арнайы архив»

Тарифтің жабылуы туралы толық ақпарат BeeHome-нан «Үйдегі Интернет» қызметінің логиндерінің байланыс нөмірлеріне SMS арқылы жіберілді.