Басты бет / Жаңалықтар

Автокөлікті уақытына қарай емес, жүрген шақырымына қарай сақтандыруға бола ма? Ондай мүмкіндік бар.

 

11 ақпан 2022, Алматы - Amanat сақтандыру компаниясы мен мобильді оператор Beeline Қазақстан Қазақстан нарығы үшін жаңа «Каско КМ» өнімі шыққанын хабарлады. Жаңа өнімнің шарттары бойынша, клиент сақтандыруға жылдық стандартты шартпен емес, жоспарлы жүретін жолына қарай төлейді.

Ол қалай іске асады? Клиенттің автокөлігіне Amanat Beeline трекерін орнатады, жүрген шақырымды трекер тіркейді және сақтандыру жағдайын сәйкестендіруге көмек болады, мысалы, көлік ұрланған жағдайда, оның тұрған жерін көрсете алады.

2022 жылы 11 ақпанда компаниялар стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды. Іс-шараға Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин мен Amanat СК АҚ Басқармасының төрағасы Ернар Нургалиев қатысты.

 «Еліміздің нарығында коммерциялық қолданысқа алғаш рет беріліп отырған инновациялық өнімде Amanat СК-ға Beeline Қазақстан технологиялық серіктес болғанына қуаныштымыз. «Саналы сақтандыру» елімізде бірінші болып серіктестерімізге, көлікті сақтандыру уақытымен емес, көлік құралы жүрген шақырым бойынша есептеуді ұсынуға мүмкіндік берді», - дейді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин

Beeline Қазақстан қауіпсіз әрі сертификатталған гаджет ұсынады, соның арқасында нақты жүрген шақырымды және автокөліктің тұрған жерін анықтауға болады. Одан бөлек, бірегей бағдарламалық жасақтама автокөлік иелеріне қажет өнімдерді жасауға мүмкіндік беретін өңделген деректер мен талдауды ұсынады.

Amanat басқармасы төрағасының сөзіне сүйенсек, қазақстандықтар мүлікн сақтандыруға көп көңіл бөле бастады: клиент үшін қолайлы әрі тиімді өнімдерге қызығушылық пен сұраныс артуда. Каско КМ өз кезегінде клиенттердің осындай талаптарына сай келеді:

 «Әлемдік зерттеулер бойынша, орташа статистикалық автокөлік иесі бір жылда шамамен 15 мың шақырым жүреді. Бұл – бір жылға жасалатын дәстүрлі Каско шартының бәріне емес, иесі жұмыста немесе үйде болғанда автокөлігі тұратындықтан, кейбір жанға қымбат, енді бір адамға тиімсіздігі себептерінің бірі. Клиенттердің қажеттіліктерін саоһралай отырып, Каско КМ-да ұсынылып отырған, километрге қарай төлеу әдісі әділ, тиімді әрі ыңғайлы болатынын түсіндік, сіз километрлер топтамасын онлайн сатып аласыз және онлайн ұзарта аласыз, топтама жарамды кезде, көлігіңіз сақтандырылған. Beeline Қазақстанмен серіктестігіміз Каско КМ-ді айқын әрі әділ көрсетеді – трекердің арқасында клиент көлігінің жүрген километрін анық біледі. Сонымен қатар мұндай гаджет клиенттің жүру мәнері жайлы деректерді өңдеуге, нәтижесінде болашақта оған сақтандыру түрлерінен тиімді тарифті ұсынуға мүмкіндік береді», - деді Ернар Нургалиев

«Каско КМ» құнын сайтта автокөлік нөмірі мен иесінің ЖСН-ін жазу арқылы есептеуге болады. Автокөлік иесіне бірнеше амал-шарт: сақтандырылатын километр саны және сақтандыру қатері ұсынылады. Сақтандыру топтамасының құны осы деректердің негізінде есептеледі.