18 маусым 2020 ж., Нұр-Сұлтан. Цифрлы қаржы сервистері саласының көшбасшысы Beeline Қазақстан компаниясы жазғы акция туралы қуана хабарлайды, акция аясында Алматы тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікте 50% жеңілдікпен жүре алады. Акцияға барлық бағыттың ONAY терминалы бар автобустары мен троллейбустары қатысады.
Жолақы төлеу үшін, 9909 нөміріне ONAY! терминалының алты мәнді коды бар SMS жіберу қажет. Бұл орайда, телефон теңгерімінен жолақы толық ұсталып, 40 теңге бонус түрінде қайтарылады. Сонымен қатар, түбіртегі бар SMS келеді, оны баратын жеріңізге жеткенше сақтау және қажет жағдайда контролерге көрсету керек. Жолақы төлеу үшін теңгерімде ең кемі 81 теңге болуы тиіс. Акция бойынша жеңілдікпен күніне екі рет жүруге болады.
Акция туралы Цифрлы қаржы сервистері қызметінің Сату және өңірлік даму бөлімі басшысы Анастасия Ли былай пікір білдірді: «Биыл жазда клиенттерімізге қоғамдық көлікте 50% жеңілдікпен жүру мүмкіндігін сыйлаймыз. Жолақы әдепкідей 80 теңге емес, 40 теңгені құрайды. Төлеу үшін, Beeline нөмірі бар смартфон жеткілікті. Алматылықтар мен қала қонақтары ұсыныстың лайықты бағасын беріп, қоғамдық көлікте жолақы төлеудің заманауи әрі қауіпсіз әдісін қолданады деп үміттенеміз».
Акция 2020 жылғы 17 маусым мен 17 шілде арасында өтеді.
Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 5700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қосылуға болады. Бұл – халықтың 98%-ы, оның 70%-ы 4G стандартындағы интернетке қол жеткізе алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылған. Компанияның мобильді қаржы сервистерін қолданушылар саны миллион адамнан асады. Қоғамдық көлікте жолақы төлеу, коммуналдық және басқа да қызметтердің ақысын төлеу, сондай-ақ онлайн-сауда – Beeline абоненттеріне қолжетімді артықшылықтардың аздаған бір бөлігі ғана. МҚС қатарындағы озық қызметтердің бірі – Beeline картасы, ол нақты ақшасыз есеп айырысудың ыңғайлы құралы.
Толық ақпарат: www.beeline.kz
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz