29.11.2025
2026 жылдың қаңтарынан бастап кейбір Beeline және «Үйдегі Интернет» тариф жоспарлары бойынша абоненттік төлем өзгереді. Бұл желіні қолдау және дамыту шығындарының өсуімен, сондай-ақ инфляция және Қазақстандағы ҚҚС мөлшерлемесінің артуы сияқты экономикалық факторлармен байланысты.
Абоненттік төлемнің өзгеруі туралы және Beeline Қазақстан холдингі президентінің түсіндірмесімен толығырақ мына жерден таныса аласыз
Егер сіз Beeline-нің корпоративтік клиенті болсаңыз, егжей-тегжейімен осы жерден таныса аласыз.
Мобильді құрылғылардағы тариф жоспарлары бар барлық пайдаланушыларға, сондай-ақ үйдегі интернет пен ТВ қызметін пайдаланушыларға жаңа абоненттік төлем туралы немесе толық ақпарат беретін сайтқа сілтемесі бар ресми SMS-хабарлама келеді. SMS Beeline (мобильді байланыс және/немесе мобильді интернет бар тариф жоспарлар қосылған нөмірлерге) және BeeHome (байланыс нөмірлері және «Үйдегі Интернет» пакетіндегі нөмірлерге) атынан өзгерістер күшіне енетін күннен 30 күн бұрын жіберіледі.
Егер Сізде Beeline байланысы болса
Абоненттік төлем 15 қаңтардан бастап өзгереді және архивтік тариф жоспарларға қатысты болады. Гигабайттар мен қоңырау шалу минуттарының саны сол күйінде қалады, бірақ бағасы өзгереді.
Сонымен қатар бонус трафигі және абоненттік төлемнен кешбэк беріледі.
Егер негізгі абоненттік төлем алынбаса, автоматты түрде күнделікті пакет қосылады.
Күнделікті пакет осы тарифтерде тәулігіне 390 тг тұрады: «Көп 7490», «АНЛИМ FHD 7990 архив», «АНЛИМ MAX 7990 архив», «АНЛИМ MAX 6990 архив», «Бәрі 4490 архив», «Бәрі 3990 архив», «Бәрі 3990 архив 2», «Бәрі 2990 архив 2», «Бәрі 2990 архив» және «Сөйлесу 2050 архив».
Күнделікті пакет осы тарифтерде тәулігіне 490 тг тұрады: «Премиум Отбасы 5+1 архив», «Премиум Отбасы 3+1 архив», «Премиум Отбасы 2 архив», «Мега L», «Мега M», «Мега S», «Мега 1–4 2023», «Мега Премиум архив» және «Мега 7–9 2023».
Толық өзгерістер тізімі мына жерде.
Егер Сізде «Үйдегі Интернет» болса
Абоненттік төлем 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгереді. «Шексіз 4G» және «Шексіз 4G Plus» акциялары «Үйдегі Интернет» пакетіндегі мобильді нөмірлер үшін 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.
Пайдаланушыларға тариф жоспарға байланысты абоненттік төлемнен кешбэк беріледі (толық ақпарат SMS-те).
Егер Сізде мерзімі шектеулі тариф жоспары болса
27 қаңтардан бастап шарттары 12 айға шектелген тарифтерде абоненттік төлем өзгереді. Егер Сіз мұндай тарифті бір жыл бұрын қосқан болсаңыз, оператор тариф шарттарын бір жыл бойы өзгертпейтіні, содан кейін өзгерістер мүмкін болуы туралы хабардар болғансыз. Бұл ақпарат Janymda қосымшасындағы тариф сипаттамасында да бар.
Мұндай тарифтердегі абоненттік төлем Қазақстандағы ҚҚС мөлшерлемесінің өсуіне байланысты өзгереді. Барлық пайдаланушыларға толық ақпарат бар SMS-хабарлама келеді.
Барлық пайдаланушыларға жаңа смартфондар
Егер тарифті жаңартуды жоспарлаған болсаңыз, оны дәл қазір жасау үшін ең тамаша уақыт. Қазіргі тарифте қаласыз ба немесе жаңасын таңдайсыз ба — шешім қабылдау үшін бір ай бар.
beeline.kz сайтында өзіңізге немесе бүкіл отбасыңызға лайықты тариф жоспарды таңдап, акция бойынша сыйлыққа смартфон алуға болады.
Бізбен бірге болғаныңыз үшін рахмет!