Басты бет / Жаңалықтар

Бүкіл отбасыға үйдегі интернет және мобильді байланыс: «Үйдегі Интернетте» жаңа «Отбасылық» тариф қатары ашылды

2022 жылғы 27 сәуірден бастап Beeline үйдегі интернеті мен мобильді байланысын ортақ «Отбасылық» тариф жоспарымен қолдануға болады. Оның ерекшелігі трафик параметрлері мен нөмірлердің санын өзіңіз таңдайтыныңызда. Ең арзан нұсқа 5490 тг/ай басталады, ең үздігі — 6990 тг/ай. 


Қалай іске асады: 
•    Үйдегі шексіз шапшаң интернет 
Оптоталшықты интернеттің ең төменгі орнықты жылдамдығы —100 Мбит/с дейін. Егер үйге интернет дербес Gpon оптоталшықты шоғырсымымен тартылса, 200 Мбит/с және 500 Мбит/с дейін. Gpon технологиясы әзірге Нұр-Сұлтан мен Қызылорданың кейбір аудандарында ғана қолжетімді.  

•    Смартфондардағы мобильді байланыс
Сіз тарифке қосатын нөмір саны мен қолжетімді трафик көлемін таңдайсыз. 
1 немесе 2 нөмір қосуға болады, әр нөмірдегі гигабайттар мен минуттар саны таңдауыңызға қарай, бірдей болады: 12 ГБ, 120 минут + 120 SMS немесе 17 ГБ, 240 минут + 240 SMS. Бір немесе екі нөмірдегі байланыс құнының айырмасы -  айына небәрі 500 теңге. 
Егер отбасыңызда адам көп болса, әр нөмір үшін 1990 тг/ай төлеп, нөмірлерді оп-оңай қосуға болады. 
Сонымен қатар, бонус ретінде BeeTV мобильді қосымшасын аласыз: BeeTV Free   жазылымымен үздік арналар, жүздеген фильм қосымша төлемсіз ұсынылады.

•    Үйдегі телевизия
Үйдегі телевизияны қосуға болады: «Тиімді» топтамасында 1400 тг/айына 106 телекарна, «Оңтайлы» топтамасында 1700 тг/айына 177 арна және «Ең көбі» топтамасында 2000 тг/айына 198 арна беріледі. Телевизия 3 ай қосымша төлемсіз ұсынылады, ары қарай жоғарыдағы құн тарифіңіздің абоненттік төлеміне қосылады. 

Тағы не бар?
«Отбасылық» тарифінің кез келгенінде минуттарды гигабайттарға және керісінше оп-оңай ауыстыруға, трафикті Beeline-ның басқа нөмірлерімен бөлісуге болады. 

Толық ақпаратты мына жерден  біліңіз. Өз «Отбасылық» тиімді тарифіңіз болсын!