Басты бет / Жаңалықтар

Beeline трафик пен минуттарды отбасымен бөлісуді ұсынды

21 мамыр 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline тарифтегі интернетті, минуттар мен SMS-ті жақындармен бөлісуге мүмкіндік беретін қызмет ашты. «Бәріне біреу» қызметін 2020 жылғы 20 мамырдан бастап «Жарқын» қатарының тариф жоспарларында қолдануға болады. 

Жаңа амал-шарт топтаманы: интернет-трафикті, желі ішіндегі шексіздікті, басқа операторларға қоңырау шалуға берілетін минуттарды, «Көршілер байланыста» акциясы бойынша қоңырау шалу мүмкіндігін, SMS-хабарламаларды және егер тарифте бар болса, басқа елге қоңырау шалу топтамасын бірге қолдану үшін, тарифіңе басқа нөмірлерді қосуға мүмкіндік береді. Топтаманы жақындарыңмен бөлісуге немесе тарифіңе қосымша құрылғылардың – планшет, смарт-сағат және тағы сол сияқтылардың нөмірлерін қосуға болады. Траифіңізге, «Жарқын» қатарынан таңдаған тарифіңізге қарай, үш нөмірге дейін қоса аласыз. Бұл орайда, бас нөмірдің абоненттік төлемі қосылған әр нөмір үшін көбейеді, бірақ қатысушы-нөмірлердің иесіне ай сайынғы төлем туралы уайымдаудың қажеті жоқ. 

«Жақындармен бөлісу мүмкіндігін бұрын-ақ ашқымыз келген. Мысалы, отбасы аясында – балалармен, немерелермен, ата-анамен және т.б. Клиенттеріміз аталары мен әжелері теңгерімді толтыруға далаға шықпауы және шоттағы қалдық туралы уайымдамауы үшін, олардың жағдайын жасай алады. Бұл – отбасы мүшелеріне қамқор болып, олардың жағдайын жасайтын, жақындарымен сөйлесу үшін шотында қанша қалғанын білетін басшы болатын мүмкіндік. Сондай-ақ, клиенттер қосымша құрылғыларды – екінші смартфон немесе планшетті қоса алады, ол өте ыңғайлы әрі оның құны оңтайлы. Клиенттеріміз осы мүмкіндікке лайықты баға беретініне сенімдімін», - деді Beeline Қазақстанның Маркетинг директоры Максим Цвыков
Бұған дейін Beeline ТЖ кезінде жаңа «Жарқын» тарифтерінің клиенттеріне бірқатар жеңілдік берген. Тариф қатарын қолданушылар абоненттік төлемді ұстауға қаражаты жетпесе де, желі ішінде тегін қоңырау соғып, қазақстандық интернет-ресурстарға шексіз қосылу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, видеоконференцияның танымал ресурстарына тегін қол жеткізді. 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz