Басты бет / Жаңалықтар

Енді гигабайттар күймейді!

Трафикті келесі айға көшіретін функция ашылды.

2021 жылғы 5 қазаннан бастап өзекті «Жарқын» және «Өзің жаса» тарифтерінің қолданушылары қолданылмаған гигабайттарын жинап, оларды қалаған уақытына дейін пайдалана алады.  

Жаңа «Гигабайттар күймейді» қызметі автоматты түрде жұмыс істейді: егер тарифтің абоненттік төлемі уақытында төленсе, топтамаларға гигабайттар мен минуттар қайта толтырылады, бұл ретте интернет-топтамаға бұған дейін қолданылмаған трафик қосылады.
 
Гигабайттардың 3 түрі көшіріледі: 
1)    тарифтің негізгі топтамасының трафигі; 
2)    минуттарға айырбасталып алынған трафик;
3)    «Тағы да еселе» акциясы бойынша берілген трафик. 

Егер әрдайым траифкті біткенше пайдаланбайтын болсаңыз, тарифте 100 ГБ жиналып қалуы мүмкін, бұл – «Гигабайттар күймейді» қызметінің ең жоғарғы шегі. Бірақ 100 ГБ-мен қандай да бір ресурсқа кіруден өзіңді шектемей, интернетке қожайын болуға болады! 

«Гигабайттар күймейді» қызметі бар «Жарқын» және «Өзің жаса» тарифтерін оп-оңай онлайн қосуға болады. Бұл ретте дербес «Өзің жаса» тарифін қалауыңызға қарай, құрастырушы сияқты, өзіңіз жинап аласыз, тек «Менің Beeline-ым» қосымшасында.   

«Гигабайттар күймейді» қызметі 2021 жылғы 30 қарашаға дейін әрекет етеді.

Әр гигабайт интернет игілікке пайдаланылсын!