Басты бет / Жаңалықтар

ҚР барлық өңіріндегі Beeline байланыс салондары жұмысқа кірісті

14 мамыр 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы Beeline Қазақстан Қазақстанның барлық қаласындағы кеңселер жұмысын бастағанын хабарлайды. Сатудың ресми салондары, сондай-ақ сауда-сауық орталықтары мен карантин жағдайында жабық тұратын басқа нысандардың сыртындағы дилерлік нүктелер толық ашылды. 

Жалпы алғанда, 129 сауда нүктесінің 88-і жұмысын қайта бастады. Салондар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып қызмет істеуде: орынжай ішінде бір мезетте жүретін адам саны шектелген, медициналық маска болса ғана кіруге рұқсат, сондай-ақ ара қашықтықтың сақталуы талап етіледі. 

«Бізге қызметкерлер мен клиенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды болды. Сондықтан Beeline барлық сервиске онлайн-қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, салондардың жұмысын тоқтатты. Тіпті жаңа SIM-картаны алуға, жеткізуді қосқанда екі сағаттан аспайтын уақыт жұмсалды. Негізгі салонадырымыздың жұмысы толық қалпына келтірілгеніне қуаныштымыз. Өңірлерге қарай, уақыт шектеуі ғана қалды, кеңселер 17:00, 18:00, 19:00 және 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Жақында жұмыс кестесі де ұзартылады деп күтіп отырмыз», - деді Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директор Рауан Қабдрахимов. 

Қазір Beeline байланысын Қазақстанның 5700-ден астам қаласы мен елді мекенінде пайдалануға болады. Бұл – халықтың 98%-ы, оның 70%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылды. Компания Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілердің бірі және қызметкерлерді материалды әрі уәждемелік қолдайтын ауқымды бағдарламасы бар сенімді жұмыс беруші. 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.k