Басты бет / Жаңалықтар

Beeline Елена Рыбакинаны Уимблдондағы жеңісімен құттықтады

— Елена Рыбакина Үлкен дуылға турнирінде жеңіске жеткен, еліміздің алғашқы өкілі болып, Бүкілағылшын клубының корттарымен салтанатты түрде жүрып өтті. Біз оны мақтан тұтамыз және бұл салқын қанды, жүзі жылы Еленаның алар асулары алды әлі көп екеніне сенімдіміз, - деп жазылған поста.  

— Бүкіл қазақстандықтармен бірге біз де қуаныштымыз және осы тарихи жеңіспен мақтанамыз. Спорт әлемінде қазақстандық жұлдыздар көптеп жана түсуде және бұл өте тамаша! 
Beeline Қазақстан әлеуметтік жауапты компания ретінде адам өмірінде спорттың қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Сондықтан еліміздегі теннистің дамуына және танылуына ықпал етуде. 
Бізде тіпті корпоративті дәстүр бар: өңірлердегі кеңселердің үздік қызметкерлері CEO және СхО-мен теннис ойнайды
, - деп Beeline Қазақстан СЕО-сы Евгений Настрадин пікір бөлісті. 

Beeline Қазақстан 14 жылдан бері қазақстандық Федерацияның демеушісі болып, теннисті қолдап келеді. 2008 жылдан бері оператор 50-ден астам турнирдің: ATP 250, WTA 250, президент кубогының және басқаларының серіктесі болды. 2019 жылы Beeline стал спонсором встречи Надаль мен Джокович кездесуіне демеушілік етті. Ал биыл оператор Нұр-Сұлтандағы Ұлттық теннис орталығын қамқорлығына алды. Енді ол Beeline Arena аталады.