06.10.2025
2025 жылдың 6 қазанынан бастап Ресей Федерациясы аумағында халықаралық роумингте жүрген абоненттерде жергілікті желіге алғаш тіркелгеннен кейін мобильді интернет пен SMS уақытша автоматты түрде бұғатталады. Бұл шектеулер ресейлік операторлар тарапынан енгізілуде.
Байланыста болудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және жағдайды шешу үшін бар күшімізді салудамыз. Өкінішке қарай, бұғаттау мерзімі әзірге белгісіз.
Дауыс қоңыраулары сол күйінде қалады — Сіз қоңырауларды қабылдап, әдеттегідей шала аласыз. Осы кезеңде интернетке шығу үшін Wi-Fi пайдалануды немесе 40-минуттық қоңырау пакеті бар «Бизнес Виза S» базалық тарификация қызметін қосуды ұсынамыз. Толығырақ мына жерде.
Жаңартуларды қадағалаңыз — Ресейдегі роуминг туралы барлық өзекті ақпарат біздің сайтта жарияланатын болады.