Басты бет / Жаңалықтар

Beeline-ның қашықтан жұмыс істеуді ұйымдастыру тәжірибесі ТЖ кезінде Қазақстан бизнесін құтқара алады

23 наурыз 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеуін ұйымдастыру тәжірибесін Қазақстан компанияларымен бөлісті. Тегін вебинарға ұялы байланыс операторының тәжірибесін өз ұжымына енгізуді қалайтын екі жүзге жуық жетекші жиналды. Вебинарда Персоналды және ұйымдық дамуды басқару директоры Тахмина Кодири, Трансформация және ІТ директоры Алексей Шаравар спикер болды. Барлық қатысушы пайдалы құжаттар топтамасын: іс-әрекеттер алгоритмін, қызметкерлермен жасалатын шарттардың үлгісін, қашықтан жұмыс істеуге арналған жұмыс ережелерінің әдістемесін, сондай-ақ кеңседен тыс жерде жұмыс істеуге арналған коммуникациялардың пайдалы тәжірибелік үлгілер жинағын алды.

16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі ресми түрде әрекет ете бастады. Қазір Beeline Kazakhstan компаниясында қызметкерлердің шамамен 78%-ы қашықтан жұмыс істеп отыр.

«Қиын уақыт талабы әпсәтте шешім шығаруды және икемді басқаруды қажет етеді. Beeline Kazakhstan-да үш жылдан бері BeFlex жобасы жұмыс істеп тұр, жоба бойынша қызметкерлер өздеріне ыңғайлы еңбек режимін, соның ішінде қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін таңдай алады. Міне осы мүмкіндік әріптестеріміздің басым бөлігін үйден жұмыс істеуге жедел көшіруімізге септігін тигізді. Тәжірибемізді бөлісуге және оны басқа копаниялардың енгізуіне тегін көмектесуге дайынбыз. Бұл – әлеуметтік бағыттағы бизнес ретіндегі жауапкершілігіміз», - деп Beeline Қазақстанның Персоналды және ұйымдық дамуды басқару директоры Тахмина Кодири пікір білдірді.

Қашықтан жұмыс істе мүмкіндігін енгізуде Beeline жүзеге асыруға көмектесетін негізгі міндеттер:

- IT-қызметті дайындауда қандай мәселелер туындайды және оны қалай шешу керек.

- HR-қызметті дайындауда қандай мәселелер туындайды және оны қалай шешу керек.

- Қашықтағы кеңсе жетекшісінің ең үлкен қорқынышы – сену ме, әлде қадағалау ма?

BeeFlex – Beeline қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін бағдарлама. Бұл орайда, қай жерде екені маңызды емес, ең бастысы – байланыста болып, интернетке қосыла алса және тапсырмаларды орындаса болды. 2017 жылы бағдарламаның сынақ жобасы Қазақстанның екі қаласында іске қосылған болатын, 2018 жылғы мамыр айынан бері BeeFlex еліміздегі барлық бөлімді қамтыды.

Бұған дейін – карантин мен ТЖ уақытына - Beeline Қазақстан қазақстандық зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін мобильді байланыс ұсынды, шетелдерде жүрген қазақстандықтарға байланыстың тегін топтамалары берді, сондай-ақ әлеуметтік, ресми және білім беретін 137 сайтқа тегін қосылу мүмкіндігін ашып, BeeTV көрермендеріне ТВ топтамаларын толық ұсынып отыр. Сонымен қатар 6000-нан астам медицина қызметкері тегін байланыс: қоңырау шалуға арналған 1000 минут пен 100 ГБ интернет алды.

 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,

PR@beeline.kz