Басты бет / Жаңалықтар

Карантин кезінде жарнамаға жеңілдік берілді

10 маусым 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Business карантиннен кейінгі кезеңде кәсіпкерлерді қолдау үшін, қазақстандық кәсіпкерлерге ауқымды деректер негізіндегі «Мобильді жарнама» құралын байқап көруді ұсынды. 

Келісім шарттың ең төменгі шекті сомасы азайғандықтан, инновациялық бизнес шағын бизнес өкілдеріне бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті, Енді өз тұтынушысына тиімді жарнама науқанын жүргізу үшін, клиенттерге небәрі 30 000 теңгеге шарт жасасып, бонустық таратылымға осындай сома алу мүмкіндігі беріледі. 

«Мобильді жарнама» қызметі клиенттерді тартып, абонент бейнесінің 200-ден астам өлшемшарты бойынша іріктелген тұтынушылардың сегменттелген аудиториясына серіктестеріміздің ұсынысын жеткізу арқылы табысты арттыру мүмкіндігі бар. Big Data талдауының арқасында, тиімділік әдепкі SMS-таратылымдардан 7 еседен артық өседі. 

«Карантиннен кейінгі кезеңде клиенттерімізге озық өнімдер керек болуы мүмкін. Ауқымды деректер негізіндегі жарнама сервисі тәрізді. Енді клиенттеріміз қызметті байқап көріп, бонус сомасына әртүрлі қызметтерді сынап, оның тиімділігіне көз жеткізе алады. Бұл – 6 миллионнан астам адамды қамтитын және жарнама контентінің 95%-дан астамы көрілетініне кепіл беретін, Қазақстандағы ең табысты маркетинг құралдарының бірі. Осы қызмет дағдарыс кезінде клиенттеріміздің дамуына көмек болады деп үммітенеміз», - дейді Beeline Қазақстанның Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Қабдрахимов. 
Бұған дейін Beeline Business бизнесті қолдауға арналған «Beeline Call-орталығы» өнімін ашқанын естеріңізге саламыз. Кәсіпкерлерде инновациялық көшбасшы – Beeline компаниясының ресурстарын пайдаланып, соның негізінде өз бизнесіне толыққанды колл-орталығын ұйымдастыру мүмкіндігі пайда болды. 
 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz