Басты бет / Жаңалықтар

QIWI Business "Связной" салондарында Beeline Қазақстан байланысы үшін төлеу қызметін іске қосады

Ресейдегі «Связной» желісінің салондарында ТМД елдеріндегі телеком-провайдерлердің қызметтеріне төлеу

QIWI Business ТМД елдеріндегі озық ұялы байланыс операторларының есебіне төлеу мүмкіндігін ашты. Енді Ресейде жүрген клиенттер Beeline Казахстан операторының ұялы байланысына «Связной» салонының кассасында немесе терминалында төлей алады. 
Шотты толтыру үшін, жіберуші «Связной» салонының қызметкеріне телефон нөмірін, толтырым сомасын айтып, ақша қаражатын салуы тиіс. Төлем үшін, клиенттерден ақы алынбайды. Теңгерімді бір ретте 15 000 рубльге дейін толтыруға болады. Ыңғайлы салонды Связной желісінің ресми сайтында таңдау мүмкіндігі бар.